Ескерткіштің бой көтеруіне Алматы облысы әкімдігі мен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мұрындық болды.

Ескерткішті ашу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында бұл іске бастамашы болғанын айтты. Облыс әкімі Тұмағаңның еңселі ескерткішін жасату үшін облыс бюджетінен 25 миллион теңге қаржы бөлгізіпті.

Қазақтың Тұманбайының тас мүсінін Алтай Исатайұлы Бейсенов сомдаған.

Сонымен қатар, бүгін Есік қаласындағы Мәдениет үйіне Тұманбай Молдағалиевтің аты беріліп, осы ғимаратта үлкен кеш өтті. Тұмағаңның атын алған Мәдениет үйінің айналасын абаттандыруға 80 миллион теңге бөлінгенін де айта кеткеніміз жөн.

«Жас өркен»-ақпарат

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз