Жанрлық фильм – қарапайым көрерменге эстетикалық ләззәт ала отырып
терең ой түйсінуге әсер ететін фильм түрі. Әр жанрдың өзіне сай ережелері мен қағидалары болады. Автор сол қағидаларды ұстануы керек. Мысалға «нуар» жанрында визуалды баяндамада көлеңкелердің көптігі, детективті оқиға желісі және депрессивті атмосфера болады. «Боевик» жанрына келетін болсақ экшн, яғни атыс-шабыс эпизодтар
көптеп көрініс алып, басты кейіпкер – қаһарман болып шығады. Бұл фильмдер-дегі батылдық пен қауіптің атмосферасы көрерменін қызықтырып әкетеді. Жалпы жанрлық фильмдер өз жанрындағы атмосфераны көрерменге сезіндіре алуымен құнды. Қорқынышты фильмдерде үрей мен саспенс, комедияда күлкі мен жеңіл көңіл-күй, ал драма жанрында өкініш, қайғы және үміт атмосферасы сезіліп, адам жанына әсер етуі міндетті.

Жанрлық фильм бір қарағанда автор-дың қолын байлап, шығармашылық еркіндігін шектейтіндей көрінуі мүмкін. Дегенмен қазіргі жаһандану кезіндегі кино өнеріндегі құндылықтар, тақырып-тар мен насихаттайтын ойлары осыдан 30 жыл бұрынғы фильмдерден жер мен көктей алшақ жатыр. Уақыт бір орында тұрмайды, әрине. Заманауи кино, әдебиет өз кейіпкерлерін жақсы-жаман деп бөлу-ден бас тартты. Бас тартқан жоқ тіпті, осы өзгерісті заман талап етті десек те болады. Өйткені адам періште емес. Оның жақсы да, жаман да қасиеттері жетіп жатыр. Осылай жаңа заман кино мен әдебиетте жаңа кейіпкерлер тудырды. Бұрыннан қалыптасқан сең бұзылысымен жанрлық фильмдер қалыптасқан бір ғана жанрмен шектелмей, жаңа өріс тапқандай.

Бұл тенденция қазіргі жастар киносында айқын байқалады. Осы мәселеге нақты тоқталып, қарастыратын фильмде-рімізді «жастарға арналған» және «жас-тар түсірген фильмдер» деп екіге бөліп алайық.

Жастарға арналған фильмдерді қазіргі таңда тек белгілі бір елдің емес, бүкіл әлем жастары мен жасөспірімдеріне арнап түсіру басым. Өйткені басты көрер-мен осы жас толқын болып отыр. Сол себептен коммерциялық, жанрлық жеңіл фильмдер көптеп түсіріліп жатыр. Тек Қазақстанды алар болсақ, 2011 жылы жарық көрген Темур Қасымжановтың «Супер Баха» фильмі сөзімізге дәлел бола алады. Батысқа тән кинокомикс жанрына еліктеп түсірілген фильм сатиралық және ирониялық әзілдермен көркемделген. Бірақ бұл жанр қазаққа жат болғандықтан, яғни комикс өнері Қазақстанда болмауы фильмге кері әсерін тигізді.

Ал жастар түсіретін фильмдерде жас авторлар өзінің ішіндегі толғаныстарын фильм арқылы көрсету басым. Өмірден өздерін іздеу, биліктен, діннен көңілі қалуы, қайғы, өкініш секілді депрессивті фильмдер жастар арасында көп танымал. Мысалға үшінші Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалінде Ахмет Рахметалиевтің «Соңғы мұғалім», Венера Каиржанова-ның «Тығылмақ», Майя Ғалымның «Чемпион», Мырза Байсамбеков пен Самат Иржасовтың «Кемтарлар циркі» секілді фильмдері осы тақырыпты қозғайды. Жастардың автор ретіндегі тағы бір бағыты ол батыстың тәуелсіз Стивен Содерберг, Квентин Тарантино, ағайынды Коэндар, Дэвид Линч, Милош Форман секілді режиссерлерінің үлгісінде дамып келеді. Бұл фильмдер көбіне оқиғаны жеткізудің формасына мән береді. Технологиялық ерекшеліктер сюжет пен баяндау тәсілінде ешқандай рөл атқармай-тындай болып көрінетін де кездері көп.

Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндер болсақ, қазіргі жастар кино өнері арқылы өздерінің уайымдарын, қоғамның дерті мен өздерін мазалаған ойларын жеткізгісі келеді. Бұл әрине, дұрыс! Бірақ қазіргі таңда депрессивті атмосфераға толы фильмдерден гөрі тарихи фильмдерге басымдық беруіміз керек. Әсіресе өзіміздің тарихымызды кино арқылы түгендеуге тиіспіз. Өйткені бұл саланы қолға алуды енді кешеуілдетсек – ұлттық тарихымыз қазба байлықтарымыздың тағдырын қайталауы мүмкін. Оған баймыз, бірақ өзіміз қолдамаймыз. Бұл сөзімізге атақты «BBC» телеарнасы түсірген «Айша бибі» мен «Күлтегін» туралы деректі фильмдері мен жақында жарық көрген, режиссер.
Джефф Веспаның «Әміре» секілді фильмдері дәлел.

Сонымен қатар, жастар қозғауға тиіс тағы бір фильм жанры – экранизация. Қазақ әдебиеті жазушы мен олардың қаламынан туған шығармаларға кенде емес. Экранизация – әдеби шығарманың кино нұсқасы десек, қазақ әдебиетінде ғажайып кинотуындыларға негіз бола алатын сюжеттер жетерлік. Оның үстіне кинодағы бұл жанр көрермендердің де, кинотанушылардың да көңілінен шығады. Оған дәлел әлемдік үздік фильмдердің көшін осы экранизациялар бастап тұр. Роберт Земекистің «Форрест Гамп», Фрэнк Дарабонттың «Шоушенк-тен қашу», Френсис Форд Копполаның «Өкіл әке», Милош Форманның «Көкек ұясының үстімен» секілді фильмдері біздің тұжырымымызды дәлелдей түседі.

Біз әлемді тарихымызбен таңғалдыра аламыз. Ал әдеби шығармалардың экранизациясы
арқылы, тек кино саласы ғана емес, заманауи әдебиетіміз де дами түсіп, қазақ қаламгерлері шет тілдерге аударыла бастайды. Өйткені кез келген экранизациялық фильм көрерменін кітабына тартады.

Табиғат НҰРЛАНҰЛЫ,
Т. Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз