Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн фестивалінде «Үздік актриса» атанды. Бұл туралы «Жас Өркен» порталы кинофестивальдің твиттердегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандасымыз ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған. Актриса марапаттау сәтінде «Сергей саған көп рахмет. Бұл үлкен мәртебе», – деп қуанышын жеткізді.

«Айка» әлеуметтік ки­но­драмасы Мәскеуде жұ­мыс істеп жүрген қырғыз қызының ішкі қарама-қайшылықтары мен күресін, аналық сезімдерін баяндайды.

 

 

Самал Еслямова Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2011 жылы әртістерді даярлайтын ГИТИС факультетін тәмамдаған.

Естеріңізге сала кетейік, фильмнің режиссері Сергей Дворцевой оңтүстік Қазақстаннның тумасы. Оның «Жау­қазын» деп аталатын фильмі 2008 жылы Канн фестивалінде «Ерек­ше көзқарас» номинациясын жеңіп алған еді. Самал Еслямова бұл фильмде де басты рөлді сомдаған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз