Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында елордада бокс бәсекесі өтті. Рингке шыққан барлық қазақ боксшысы жеңіске жетті. Жеңістің нүктесін Қанат Ислам қойды. Қанат батырымыз бұл кездесуде канадалық Брэндон Кукпен айқасты.

12 раундқа келісілген кездесудің нәтижесін Қанат Ислам қарсыласын 9 раундта техникалық нокаутқа жіберуімен аяқтады.

«Осы жеңісімді еліме, елбасыма арнаймын. Елбасымен бірге әлемді бағындыра берейік. Жасасын, Қазақ елі! Осында менің елге тұлға болатын ағаларым тұр. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, Астана қаласы мен Алматы қаласының әкімдігіне алғысым шексіз. Және менің е-е-ең жансүйер ағам Бауыржан Оспанов ағама алғысым шексіз! Рахмет, аға! Жасасын, Тәуелсіз Қазақ елі! Елім дейтін, жерім дейтін ел ағалары аман болсын!», – ­деді Қанат Ислам жеңіс әсерімен бөлісіп.

«Жас өркен»-ақпарат

9.09.2017

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз