Журналымыздың алдыңғы нөмірлерінде үлкен қаламгерлерімізге «Не жазып жүрсіз?» деп сауал тастағанбыз. Сол арқылы алдағы уақытта қандай шығармаларды оқитынымызды білгендей болдық. Бұл жақсы да. Ендігі сауалды отандық режиссерлерге қойдық. Біздің сауалымызға режиссер Қанағат Мұстафин былай деп жауап берді:

– Қазір «НТК» арнасының тапсырысымен «Телепорт 2» деген телехикая түсіріп жатырмын. Дәл қазір түсірілім жұмыстары Іле өзенінің бойында, көшпенділер декорациясында жүріп жатыр. Жастарға арналған комедиялық-фантастикалық телехикая. Оқиғасы мынадай: бір жазушы университетте жұмыс істейді. Сутдент қыз тапсырма алуға келеді. Екеуі оқыстан токқа соғылып, ауруханаға түсіп қалады. Одан жазылып шыққан күні студент түс көреді. Түсінде орта ғасырға, жазушының жазып жүрген повестіне тап болады… Комедия да, мелодрама да, фантастика да бар. Фильмнің идеясы – тарихты өзгертуге тырыспау. Себебі бізде тарихқа қатысты небір әңгімелер бар.

Актерлар құрамы өте мықты. Болат Әбділманов ағамыз Қайыр ханды, Дастен Шакиров Қаражан батырды сомдайды. Басты рөлдерде – Мақсат Сәбитов, Жазира Еркін. Аида Жантілеуова, Бақыт Тушаев секілді кәсіби актерлар бар. 25 минуттан 12 бөлімді болады деп жоспарлап отырмыз. Бұйырса, жаңа жылға дейін эфирге шығады. Сценарийін Жанат Қасабеков екеуміз жаздық.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз