Шопан ата мешіті

Маңғыстау мен Хорезм,
Керуен жолы бойында.
Үлгі еткен ел өзіне,
Даналығын мойындап.

Иассауиден бата алған,
Ілім, білім жолымен.
Ұрпақ үшін мешіт салған,
Бабамыз өз қолымен.

Маңғыстау облысындағы Қызылсу деген жерде орналасқан жерасты мешіті. Оны шамамен 10-12 ғасырларда Шопан ата салдырған.
Бегім ана мұнарасы

Бегім ана мұнарасы,
Оныншы ғасыр көзі екен.
Азияда теңдесі жоқ,
Жалғыз дара өзі екен.

Сәулеті екен бұл көненің,
Бізге жеткен сол күйінде.
Зерделеп сен, баба өнерін,
Осыдан бір ой түйінде.

Биіктігі 10,5 метр болатын көне мұнара Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан.
Домбауыл кесенесі

Қаракеңгір өзенінің,
Сол жағына орналасқан.
Батыр еді ол өз елінің,
Ерлік ісі оңға басқан.

Шыңғысханмен бірге жүріп,
Шожы ханға ақыл қосқан.
Ел тыңдайтын құлақ түрі,
Күйші бопты өнері асқан.

Ортағасырлық сәудет ескерткіші. Жезқазған қаласының қасында. Атақты батыр, күйші, би болған Домбауылдың құрметіне салынған.

Шілікті қорғаны

Шіліктідегі қорғандар –
Тарихқа толы мұрамыз.
Жерленген мұнда оғландар,
Қалдырып артта мың аңыз.

Зерттеліп жатыр обалар,
Табылып жатыр бұйымдар.
Мәдениетін ұлы даланың,
Санаға мықтап құйыңдар!

Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында жатқан қорғандар. Оларды «Шілікті патша қорғандары» деп атайды. Б.з.д. 7-6 ғасыр мұралары.

«Балдырған» журналы, №12
Желтоқсан, 2018

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз