Сен білесің бе?

ҚҰСТЫҢ ЖҮРЕГІ ҚАЛАЙ СОҒАДЫ?

Құрметті «Ұлан»! Маған сенің бетіңдегі танымдық мақалалар қатты ұнайды. Өзім де үзбей ізденіп, қызықты деректер жинап жүремін. Жақында құстар жайлы тың мәліметтерге қаныққан едім. Соларды іріктеп, өзіңе ұсынып отырмын.

Құстың жүрегі минутына 400 рет соғады екен. Демалып отырған кезде. Ал ұшқанда жүрек соғысы арта түседі. Көк төсінде қанат қаққанда кейбір құстардың жүрегі минутына 1000 рет соғуы мүмкін.

Жаңа Гвинеяда жер бетіндегі жалғыз улы құс тіршілік етеді. Ол – екітүсті шыбыншы торғай. Бұл құстың улы болатын жөні де бар екен. Себебі, шыбыншы тек улы жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан, өте улы. У оның терісінде, жүнінде болады. Егер алда-жалда адамның қолы тисе, күйік шалғандай күлдіреп қалады. Ал ұсақ жәндіктер шыбыншыға тиіп кетсе сеспей қатады екен.

Құртақандай құс – колибри әрбір 10 минут сайын тамақтанады. Ол бір күнде өз салмағынан екі есе ауыр гүл шырынын қорек етеді екен. Колибридің тағы бір ерекшелігі бар. Ол – артқа ұша алатын жалғыз құс.

Арғы-бергі тарихтағы әскери марапатқа ие болған жалғыз құс – Шер Ами есімді көгершін. Ол бірінші дүниежүзілік соғыста хат тасып, пошташы міндетін атқарған екен. Сөйтіп жүріп, ауыр жараланған. Бір көз, бір аяғынан айырылған. Франция елі оның ерен ерлігін бағалап, жауынгерлік медальмен марапаттапты.

Айбол ІЗБАСАР,

8-сынып оқушысы.

Ақсай қаласы,

Батыс Қазақстан облысы

«Ұлан», №47,20.11.2012)

1 ПІКІР

  1. Бүлдіршін жүректен- Нұр атама
    Тәуелсіздік тұсауын кескен тұлға.
    Жар болсыншы ел үшін туған ұлға,
    Бар жаңалық жаршысы болып жүрген.
    Президентім Нұр атам ,ұлы тұлға!

    Бір бойына сыйып тұр бар қасиет,
    Ұлылардын қалады жақсы өсиет.
    Елу елдің қатарына қосам деп,
    Қазақстан жастарын өрге сүйрет.

    Дана,дара,ұлысың сен қазақтың,
    Дарқан көңіл,дария кең ғажапсың,
    130-дай ұлт өкілін басқарып,
    Президенті Қазақстанның атандың.

    Еліне ұшан теңіз еңбегі бар,
    Биік қояр бәрінен намыс пен ар.
    Қамқорлығы арқасында елбасының,
    Оралып жүр жүлдемен жеңімпаздар.

    Халқына қуанышты мол сыйлаған,
    Тыныштығын әлемнің ол ойлаған.
    Жеңісті,денсаулықты өмір берсін, Байтуғанова Орынай
    Мәңгі жаса халқына сыйлы адам! 8 Б сынып

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз