43Қазақ өнері қара жабылды. 76 жасқа қараған шағында Қазақтың мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков аталарың қайтыс болды.

Шәкен ата «Ұлан» мен «Ақ желкеннің» жанашыры болатын. Талай мәрте редакцияға арнайы келіп, балалармен жүздесіп тұратын еді. Өнер, әсіресе сурет өнері жайлы әңгімелегенді жақсы көретін. Өзі Төле бидің ұрпағы, Бауыржан Момышұлының жиені, Әбілхан Қастеевтің шәкірті екенін мақтан тұтатын.
Шәкен аталарың Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы болды. 1992 жылы Қазақстан, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста Шәкен атаның туы жеңімпаз атанды. Одан бөлек ол кісі Алматы қаласының елтаңбасын жасады. Қазіргі біз пайдаланып жүрген пултті ойлап тапқан да осы Шәкен аталарың болатын.
Zhasorken.kz cайты және «Жас өркен» серіктестігіне қарасты балалар басылымдары қазақ өнерінің ақсақалы Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жанашыр-жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Бақұл болыңыз, Қазақ туының авторы, Шәкен ата!

zhasorken.kz

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз