Тікелей М-агент
ПСИХОЛОГПЕН СҰХБАТҚА ШАҚЫРАМЫЗ
Сен ата-анаңмен түсінісе алмай жүрсің бе? Сыныптастарыңмен көзқарасың орайласпай ма? Жан-дүниеңді ешкімнің түсінгісі келмейтініне ренжисің бе? Жүрегіңде арпалысқан сезімдерді сыртқа шығарудан ұяласың ба? Әлеуметтік жағдайы жақсы сыныптасың көпе-көрнеу қорласа, ішіңнен мүжілесің бе? Қысқасы, өзіңді психологиялық тұрғыда жар шетінде тұрғандай көресің бе? Ендеше, осы сырыңды «Ұланның» «Тікелей М-агент» айдарына келетін қонақпен бөліс. Ол сені тұңғиыққа батырып жүрген ойларға төрелік айтып, дұрыс бағыт нұсқауға тырысады.
3 мамыр, бейсенбі күні сағат 14:00-де «Ұлан» газетінің редакциясында Алматы қаласындағы республикалық психиатриялық, психотерапиялық және наркологиялық ғылыми-практикалық орталықтың психологы Жұлдызай Әлиева қонақта болады. Психологқа сұрақтарды дәстүр бойынша npulan@mail.ru электронды адресі арқылы қоюға болады. Сұрақтарды көпшіліктің көзінше, яғни, конференцияда қоюға ыңғайсызданатын болсаңдар, сұхбат барысында жеке терезеде сыр бөлісуге де мүмкіндік бар.

2 ПІКІРЛЕР

  1. Қызым қазір баламен үйде отыр, жолдасы жұмыс істейді, кейінгі кезде жолдасының көзқарасы өзгерген,басқа бір қызбен кездесіп жүргенін біліп қойыпты қызым,енді өмір сүруден жалықтым деп, күнде көз жасына ерік береді, менің аналық көмегім еш көмектеспеді,қандай көмек бересің?

  2. менің жасым 34 те бірақ дер кезінде дұрыс көмек болмаған соң толк жоқ өзім де білемін психологтың айтатынын өзі мде айта аламын мен де

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз