Қызық сауалға – қызық жауап

Жас достар, сендердің сұрауларың бойынша, «Қызық сауалға – қызық жауап» айдарын қайта жандандырып отырмыз. Аты айтып тұрғандай, бұл айдардың сұрағына тек қызық жауап қайтаруларың керек. Нақты жауаптар қабылданбайды. Ата-әжелерің айтқан, кітаптардан оқыған аңыз-әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп көріңдер. Қиялдарыңа қанат бітіп жатса, тіпті тамаша. Ең ұтқыр, ең тосын, ең тартымды жауаптар газет бетінде жарияланады. Белсене қатысқан оқырмандарға арнайы сый-сияпатымыз бар.

Сонымен, алғашқы сұрақ:

КЕМПІРҚОСАҚ НЕГЕ ТҮРЛІ-ТҮСТІ?

(«Ұлан», №14, 09.04.2013)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз