fbfbc5e2762f62920fab500c913300ecБүгін жазушы Герольд  Бельгердің  “Егемен Қазақстан” газетіне сұхбаты шықты. Гераға сұхбатында көкейінде сайрап жатқан ащы шындықтармен бөліскен екен…

“…Санада сілкініс болмай ештеңе шықпайды. Алдымен мұны қазақтардың өздері түсінулері керек. Қазақтар үйде де, түзде де өз тілдерінде сөйлесе, сең қозғалар еді. Өкінішке қарай, олай болмай отыр. Бір ғана мысал, бізді үйдің қасында қазақ мектебі бар. Осы арамен балалар ерсілі-қарсылы өтіп жатады. Солардың бәрі орысша сөйлейді. Тыңдап тұрып қорланамын. Кейде шыдай алмаған соң, әлгілерді тоқтатып, ұрса бастаймын. Балаларды мектептен әкетуге әке-шешелері, ата-әжелері келеді. Олар да балаларымен орысша шүл­дір­лесіп бара жатады. Осыған не дейсің. Әбден сүйектеріне сіңіп кеткен. Керек қыл­майды-ау, керек қылмайды! Мұндайлар неміс­тердің арасында да бар. Оларды да, өз тілінен жерінген қазақтарды да ұнат­паймын. Ұнатпағаны сол – жек көремін.

Осы қалаға ауылдан келген қазақтың қыздары да орысша сөйлегенді сән көретін сияқты. Ал олар болашақ аналар ғой. Отбасын, тілді, ұлттық құн­ды­лық­тарды сақ­тайтын аналар бесік жырын біл­ме­геннен кейін балалардың күні не бол­мақ. Мұның аяғы жақсылыққа апармай­ды”, – дейді Гераға.

Толығырақ egemen.kz сайтында

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз