«Жас өркен» ЖШС
«Жас өркен» ЖШС-і 2000 жылдың 26 шілдесінде ҚР Үкіметінің №1110 қаулысымен ашық акционерлік қоғам (ААҚ) болып құрылған. 2005 жылдың 28 сәуірінде ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің №40 бұйрығымен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. «Жас өркен» ЖШС мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен жұмыс істейді.
«Жас өркен» ЖШС- ң құрамына еліміздегі төрт балалар басылымдары – «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары кіреді.
Негізгі қызметі – балалардың ақыл-ойын, зердесін дамытатын танымдық, рухани нәр беретін әдеби, мәдени тақырыптардағы мақалалар мен көркем шығармалар жариялау, мектеп өмірі, балалардың тыныс-тіршілігі, балалардың өз шығармашылығын қамтитын газет-журналдар шығару.
Газет-журналдар республика бойынша жазылым арқылы таратылады. Газет-журналдардың таралымы: «Балдырған» — 26 277 дана, «Ұлан» — 10 000 дана, «Ақ желкен» — 5000 дана, «Дружные ребята» — 8000 дана.
«Балдырған» 1959 жылдан, «Ақ желкен» 1925 жылдан, «Ұлан» 1930 жылдан, «Дружные ребята» 1933 жылдан бастап жарық көріп келеді.
Газет-журналдар түрлі-түсті бояумен басылады.