Бойжеттім…

БЕТТІ ҚАЛАЙ КҮТЕМІЗ?

Бір құрбымның беті ылғи да шылқа май боп жүреді. Майлылығынан бетіне әрқандай нәрсе шығады. Бір құрбымның беті керісінше құрғақ. Бетінің нұры жоқ. Өңі қуарып, қашан көрсең сабағы семген шөптей боп тұрады. Тағы бір танысымның бетіне қара дақ шығып кетті. «Отызға да жетпей маған не болды?» – деп ол күйіп жүр. Қысқасы, бетті қалай күту керек деген сауал қазір кімді болса да алаңдатады. Бізге хабарласқан жасөспірім оқырмандарымыз да үнемі: «Безеу неге шығады?», «Безеуді қалай кетіруге болады?», – деп сұрайды. Осы сауалмен өтпелі кезеңдегі біраз оқырманымыз хабарласты. Қапелімде қалай жауап берерімізді білмей қысылдық. Содан бет күтімі жайлы кеңес беретін маманды іздедік.

Бағзор Шотайбек – талай бойжеткеннің бетін ажарландырып жүрген дәрігер-косметолог. Бағзордың бет күтіміне байланысты айтары аз болмай шықты. «Қыз бала өзіне күтім жасап, сұлуланып жүргенде ғана өз-өзіне сенімді жүреді. Бояну – ең алдымен өзіңе деген сенімділікті ояту», – дейді ол. «Сұлулық әлемді құтқарады» дейміз. Ендеше, сұлуланудың сыры мен бетті қалай күту керектігін біле жүріңіз…

– Адамның терісі жас ерекшелігіне байланысты қаншаға бөлінеді осы? Сосын әр жаста бетті қалай күткен дұрыс?

– Туылғаннан бастап теріде түрлі процесс жүреді. 13-15 жастағы өтпелі кезеңде жасөспірімдердің терісі ағзадағы гармондық өзгеріске байланысты өзгереді. Бұл жаста безеу мен бөртпенің шығатыны содан. 25 жастан бастап теріде қартаюдың алғашқы белгілері білінеді. Көз айналасына ұсақ әжімдер пайда болады. 35-45-55 жаста терінің қартаюы басталады. Беттегі нұр азайып, әжім түседі. Терінің қартайып, өң-түсін жоғалтуы немесе жоғалтпай жас көрінуі генге байланысты. Кейбір адамдардың қолы мен беті, мойынының терісі кәрі қойдың шап терісі немесе тауықтың аяқ терісі сияқты болып кетеді. Ол терінің күнге, желге, суыққа төзімсіз болғандығынан. Біз үстімізге киім киеміз ғой. Ал бет пен мойынның, қолдың қорғаныс киімі – иісмай. Иісмайды дұрыс таңдай білу керек. Жазда күннен қорғайтын, қыста суықтан қорғайтын иісмай жағып жүру қажет. Косметологтар адамның бет терісін беске бөлеміз. 1– ешбір проблемасы жоқ, жұмыртқадай таза тері. 2 – майлы тері, 3 – проблемалы тері. Проблемалы теріде ең бірінші безеу болады. Проблемалы теріні сипасаң, терінің астында ұсақ-ұсақ бүртіктер тұрады. Ол қан айналымының бұзылуынан, ағзаға қажетті витаминдердің жетіспеуінен. Сол ұсақ бүртіктер терідегі ұсақ тесіктерді бітеп тастайды. Мұндайда теріні дәрігер косметологтарға көрсетіп, тазартуға тырысу керек. Терінің төртінші түрі – құрғақ тері, 5 – сезімтал тері. Бетті күту үшін пәленбай мың тұратын қымбат иісмай жағу шарт емес. Иісмай неден жасалды, құрамында химиялық қоспа жоқ па, сенің теріңе келе ме, келмей ме – осыны білген абзал.

– Өтпелі кезеңде безеу шығуы қалыпты құбылыс дегенімізбен, өтпелі кезеңнен өткеннен кейін де безеуден құтыла алмай жүретіндер болады. Безеуді қалай кетіреміз, безеу шықпас үшін не істеген жөн жалпы?

– Безеу де жасқа байланысты шығады. Ең алғаш 13 жаста білінеді. Кейбіреулерде 18 бен 25 жаста да безеу болады. Безеу май клеткасы көп бетте болады. Медициналық тұрғыдан айтқанда, безеу май бездері көбейгендіктен, бауырдың не көк бауырдың жұмысы бұзылғанда шығады. Бетіне безеу көп шығатындар жұмыртқадан, қуырылған тамақтардан, мойонезден, тәтті тағамдардан шектелгені дұрыс. Безеуі бар бетті күніне 4 мезгіл сабынмен жуып тұруға тырысу керек. Беттің таза болуы – 85 % дұрыс тамақтануға байланысты. Сонымен қоса ұйқының дұрыс болмауы да бетке әсер етеді.

– Ал секпілден құтылуға бола ма?

– Секпіл генге байланысты. Туабітті және жүре пайда болатын түрлері болады. Жүре пайда болған секпілдер ағзаға қажетті дәрумендер жетіспегендіктен, бетке иісмайды дұрыс таңдамағандықтан және күнге көп күйгендіктен шығады. Сондықтан осы жағдайлардың алдын алу керек.

– Жазда бетті күн көзінен қалай қорғауға болады?

– Жазда күн көзінен қорғайтын SPF 15, SPF 20, SPF 25 нөмірлі иісмайларды міндетті түрде жағып жүру қажет. Және оны әрбір екі сағатта жуып тастап, қайта жағып тұру керек. Өйткені, күн нұры теріні қартайтып, тотықтырып жібереді. Екіншіден, дақ түсіреді. Ал қыста суықтан қорғау үшін құрамында белогы бар, майлы иісмайлар жаққан жөн.

– Бетті сабынмен жумау керек. Сабын бетті қартайтады дегенді естіп жатамыз. Осы дұрыс па?

– Ол – рас. Майлы теріні сабынмен жуып, бетті құрғатуға тырысу керек.. Ал проблемалы тері мен құрғақ теріге сабын қолдануға мүлде болмайды. Сабын бетке әжім түсуін тездетеді. Проблемалы, құрғақ терілерге дымқылдық беретін сұйық сабындар пайдаланған абзал. Қазір заман дамыды ғой. Бетке арналған әртүрлі сұйық сабын, гель, пена, скраб, молочко дегендер шықты. Бірақ оларды қолданғанда көз айналасына тигізбеу қажет. Көз айналасын арнаулы ласоньмен сүртеді.

– Бетке әжім түсіп қартаймаудың алдын қалай аламыз сонда?

– Әжім бетті көп опалағаннан да түседі. Бетіне сағат сайын опа жағатын қыздар бар. Ол – дұрыс емес. Ерте әжім түсу генге байланысты. Бетті қартайтпайтын гимнастикамен айналысқан жөн. Ол дегеніңіз – аптасына бір рет қара терге түскенше билеу, бассейнге түсу, жұмасына бір рет моншаға барып, денені буға ұстап, тері клеткаларын ашу. Бетті булау микроскоппен әрең көруге болатын терідегі ұсақ тесіктерді ашады. Екіншіден, терінің дымқылдығын арттырады. Моншада бетті булаған соң міндетті түрде суық сумен шайған абзал. Кешке бір мезгіл бетке минералды су шашып отырса, бетті дымқылдандырып, табиғилық сыйлайды. Сондай-ақ минералды суға лимонның суы мен сүт қосып бетке шашып, одан шапалақтау әдісімен массаж жасаған пайдалы. Күнделікті жатар мезгілде минералды су шашып немесе бетті жуып жатқан дұрыс. Теріңіз жас көрінсін десеңіз, кешке қарай майлы тамақ жеуді азайтыңыз. Өте қызыл, ащы шай да ажарыңызды бұзады. Тәттіден де қыздардың өзін шектегені дұрыс. Бетім таза болсын десеңіз – күніне 2 литрге жуық су ішіңіз. Күнделікті ас құрамыңызда судың мөлшері көп болсын.

– Ал көз айналасына қандай күтім қажет?

– Күнде кешкілік көз айналасына арналған иісмай жағып, 5-10 минут қолдың салмағын түсірмей массаж жасап тұрған жөн.

– Бетке күндіз иісмай жағып жүреміз. Жатар мезгілде де иісмай жағып жатамыз. Бұл дұрыс па әлде тері түнде бір уақыт демалуы керек пе?

– Кез келген иісмай терідегі ұсақ тесіктерді жауып тастайды. Түнде негізінен бетке ештеңе жақпай демалдыру керек. Бірақ құрғақ теріге иісмай түнгі мезгілде де міндетті түрде қажет. Мұндайда аптасына бір уақыт бетті түнде демалдырса болады. Құрғақ теріге банан мен балды жұмыртқаның сарысымен араластырып жақса пайдалы. Бұл масканы күнделікті істесе де артықтық етпейді. Тәтті қауынның қабығымен сүрту беттің құрғақтығын жояды. Майлы теріге лимон мен жұмыртқаның ағын жағып, қиярдың қабығымен сүртсе болады. Бойжеткендер бетіне күтім жасайды да, мойны мен қолына мүлде қарамайды. Қарасаң беті мен мойнының өңі екі түрлі. Ол дұрыс емес. Иісмай жағып, маска жасағанда мойын мен қолды да ұмытпау керек. Кешке мойынға иісмай жағып, төменнен жоғары, жоғарыдан төмен мойынды 10 минут ысқылап массаж жасаған пайдалы. Сонда мойын терісі өңін жоғалтпайды.

– Ал бетті қалай ағартуға болады?

– Ол үшін алманың суын қысып шығарып, оған лимон мен бал, 1 ас қасық ұн қосып, қою етіп араластырып, бетте 30 минут ұстаса, бет біршама ағарады. Сүзбе жағу да дұрыс. Күрішті қайнатып, күріштің суын ішсе де бет ағарады. Ешқашан жылтырамайтын, тотыққан терілерге бетті тазалап жуғаннан кейін күріштің суына бал қосып маска жасап, оны дәкемен 30 минут тартса, бетке дымқылдық пен ажар сыйлайды.

– Қазір қыз-келіншектер салонға барып, бетіндегі, мұрнының үстіндегі түкті алдыртып тастап жатады. Осы дұрыс па?

– Түкті алдырмаған жөн. Өйткені, түк беттің қорғаныс қабілетін сақтайтын перде рөлін атқарады. Түгін алып тастаған тері суыққа да, ыстыққа да, әртүрлі сыртқы факторларға төзімсіз келеді.

– Көп адамның мұрнының үстіне, мұрын айналасына қара нүктелер шығады. Ол неліктен?

– Ол терінің май құрамы көп болғаннан болады. Тері таза жуылмаса да, тері порлары кеңейіп кетсе де, мұрын айналасына қара нүкте шығады.

– Көктем кезінде бетіне ақтаңдақ шығатындар болады. Ақтаңдақтың емі бар ма?

– Көктемде табиғаттың түлейтіні сияқты адамның терісі де түлейді. Ақтаңдаққа мен жаңа айтқан маска бал, жұмыртқаның сарысы, банан үшеуін араластырып жақса пайдалы.

– Қазір бойжеткендердің көбі бетін ай сайын салонға барып тазартып жатады. Ал енді біреулер бетімді тазалатсам, химиялық заттармен бүлдіріп, зиян келтіріп аламын ба деп қорқады. Салонға барып бетті тазалатқан қаншалықты орынды?

– Бетті тазаласа бет терісі бүлінеді дегенге дәрігер-косметолог ретінде келіспеймін. Салонға келіп бетін өмірі тазалатып көрмеген қыз бен бетін үнемі тазалатып тұратын бойжеткеннің бетінде едәуір айырмашылық болады. Бүгінде медицина да, косметология да дамыды. Химиялық заттармен бетімді күйдіреді дейтін қорқыныш жоқ. Қазір салондардың бәрі бетті шөптерден жасалған косметика арқылы тазалайды. Ол беттің қан айналымын жақсартады. Екіншіден, микроскоппен ғана көруге болатын тері тініндегі қажетсіз заттарды алады. Одан бет жалтырап, сергек күйге енеді. Кейде қыздардың қорқатынындай-ақ бар. Кейбір салондарда беттегі дақ пен безеуді пилингпен күйдіріп, адамның бір қабат терісін сылып түсіреді. Бұл – зиян. Бір қабат теріні ерітіндімен күйдіру – ол сонау 1992 жылғы әдіс. Күйдіргеннен кейін адамның беті таза, әдемі болып жүреді. Ал бір айдан кейін дақ пен безеу қайта шығып, тіпті көбейіп кетеді. Өйткені, адамның терісі үш қабат қалыңдықта. Бір қабатын сылып тастаған тері өзінің қорғаныс қабілетінен айырылады. Әрі безеу мен дақты алдырып тастаймын деу бос әурешілік. Ол үшін ішкі органдарды емдеп, дұрыс тамақтануды жолға қоя білу керек.

– Беттегі қара дақ неден болады сонда? Бір танысым 25-ке де жетпей бетіне дақ шығып, дақтан құтыла алмай жүр…

– 25-тен өткеннен кейін бетке дақ шығуы қалыпты құбылыс. Ал 25-ке жетпей дақ шықса, ол денсаулықта бір кінәраттың бар екенін сездіреді. Бетке дақ шығуының бірнеше себебі бар. Дақ қан аздықтан да болады. Қыз-келіншектердің етеккір циклі бұзылып, дұрыс келмесе, содан да дақ шығады. Қара дақ беттің құрғақтығынан да шығады. Ет пен терінің арасында су құрамы аз болса, дақ пайда болады. Сондай-ақ ағзаға қандай да бір дәрумендер жетіспегеннен де дақ шығады. Кейде адам күн көзінде көп жүрсе, содан пайда болуы мүмкін. Бетіне дақ шыққан қыздарға С дәрумені жетіспейді. Сондықтан С дәрумені бар тағамды көбірек жеу керек. Айран мен иогурттың құрамында С дәрумені бар, айранды көбірек ішу қажет. Дақ құрғақ, қамыр тағамдарды жей бергендіктен де болады. Күнделікті тағам құрамында көкөніс, жеміс-жидектер болғаны дұрыс. Бетінде дағы бар жандар қуырылған, ащы тағамдарды аузына алмағаны абзал. Дақтан құтылуға болады. Ол үшін дәрігер-косметологтың қабылдауында болып, ешбір қоспа қосылмаған, шөптен жасалған табиғи косметика пайдалану керек.

– Қазір бетіне рең беруші иісмай (тональный крем) мен опа жақпайтын бойжеткен кемде-кем. Бетке күнделікті рең беруші, ағартқыш дүниелерді пайдалану зиян емес пе? Сосын рең беруші иісмай көбірек зиян ба әлде опа ма?

– Бетке рең беретін иісмайдың зияны жоқ. Адамның бір бетіне рең беруші иісмай, опа жағып, бір бетіне жақпай үш сағат далаға жіберейік. Үш сағаттан соң қарасаңыз, боялған бет сергек боп тұрады. Оның себебі – иісмай мен рең беруші бетмай теріні әртүрлі заттардан, күннен, желден қорғайды. Қорғаушы перде қызметін атқарады былайша айтқанда. Бетті бояу – ең алдымен теріні қорғау. Екіншіден, сұлулыққа ұмтылу, үшіншіден – жастықты сақтап қалуға тырысу. Бояну да – мәдениеттілік, адамның өзін-өзі сыйлауы. Бояну үшін де білім керек. Өйткені ол бояу сенің теріңе келе ме, келмей ме, бояу неден жасалған – мұның бәрін білген дұрыс. Боянудың да өзіндік мәдениеті бар. Ол енді бөлек әңгіме. Ал бұл жолы айтарым – бетіне күтім жасап, сұлулыққа ұмтылу әркімнің өз қолында!

– Әңгімеңізге рақмет!

Косметологпен сырласқан Қарлыға АЙСАНҚЫЗЫ

32 ПІКІРЛЕР

  1. менин бетиме аздап қарайған жане мұрын үсті бұрын беттен еш қиналмайтынмын безеуде коп шықпаған не істесем болады

  2. менин сизге аитарым менин бетим кургак мен бетиме ешкандаида крем ,косметика жагып сабын колданып корген жокпын казир жасым 22де, еки баланын анасымын босанганнан кеин мандаиыма коз аиналасын сызыктар паида болып кетти бирак казир бетиме жагатын маска алдым grs лифтинг-система маскасы соны колдануыма болама алде кургак бетке зияны барма осы сурагыма жауап берсениз?

  3. Сәлеметсіздерме,пікірлердін бәрін оқып шықтым және сіздерге қосарым құрметті әпкелер ,,,, менін бетіме де безеу көп шығатын қазір мүлде шықпайды, себебі мен «Зинерит»-ті пайдаландым оның әсері өтте күшті, 2 аптада әсері көрінеді басында сенбеген едім кейін көрсем пайдасы бар екен, қазір оның ізіде байқалмайды…. Сіздерге де осыны ұсынамаын.

  4. бетті тек қана кір сабынмен жуған дұрыс. мен озім әлі күнге дейін (жасым он сегізде) ешқандай кремде баска фирменный сабын да жакпағанмын бетім сразу аллергия береді. Ең керегі күніне екі үш рет күр сабынмен жуу

  5. сіңлімнің бетінде босанғаннан кейінгі қара дақтар кетер емес не істесе болады?

  6. сәлеметсіздерме мені мазалайтын бір менің бетім күнге шықсам тез қарайып кетем соған ағартудың жолдарын білсеңіздер өтініш жазып жіберіңіздерші.

  7. беттеги безеуди кетиру ушин укропты жуып 200мл грам су куиып кишкене саргайганша кайнату керек онын суымен бетинизди суртесиз пайдасы коп

  8. Сәлеметсіздер! Безеуден және безеуден кейін қалып қойған қызыл, қара дақтарды қалай кетіруге болады? Жақсы дермато-касметолог болса айтыңыздаршы?!

  9. салеметсиз бе! менин бетиме былтыр безеу коп шыгатын казир азайды бирак бетимде тесиктер бар менин бетим кирлесе кап-кара болып шылкылдап кир толып кетеди жане бетимди сипасам аздаган бортпелер бар анда-санда безеу каптап кетеди жане еки касымнын арасы кабыкшалып кетеди не истесем болады

  10. салеметсиз бе?Менин кояр сурагым бетти табиги шоптерден жасалган маскамен тазалайтын кандай жаксы салон бар.Астанадагы адресин айтынызшы.

  11. сәлеметсіз бе менің сұрағым тотыққан терігеге қолданатын маскада куріштің қандай суын пайдаланады қайнаған ба әлде жуған суынба? аптасына неше рет жасауға болады біліп берсеңіздер сіздерге алдын ала рахмет

  12. Салеметсiздер!менин 2 кызым бар жасым 20 да осы 2-ши кызымды босанган сон бетiме кара дактар шыгып кетти соны калай кетiруге болады?Рахмет

  13. Менин бетимде (угры)бортпе бар бирак кышымайды суланбайды тек аздап кызылдау ол не? Жане ол кете ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз