13982701991549Биыл елімізде үлкен мерейтой, солай емес пе? Ал халықтық тойға кім қандай үлесін қосуға әзір? Ойланып көрдіңдер ме? Бұл сұраққа суретші Аңсаған Мұстафа әпкелерің де ойланыпты. «Осынау үлкен тойға мен қандай үлес қоса аламын деп ойландым. Сөйтіп, 550 деген жазуы бар футболканың дизайнын жасадым. Оны фейсбуктегі парақшама салдым. «Мына сурет Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Егер 550 адамға ұнаса (лайкталса), онда жазға дейін осындай футболканың 55 түрін жасап беремін», − деп жаза салғанмын. Қызық болғанда, ол суретім бір күннің ішінде 1000-нан аса лайк жинады. «Мәссаған, бұл идеям жастарға ұнады. Оларға осындай дүние керек екен» деп ойладым да, уәдемді орындауға кірістім. Бар қазаққа ортақ тұлғаларды, салт-дәстүр мен ұлттық символикаларды, қалаларды бейнеледім», − дейді суретші. Ол суреттерін өткенде Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде «Шашу» атты жеке көрмесінде көпшілікке таныстырды. Аз күннің ішінде-ақ қазақы жейделер әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттала бастады. Футболка етіп киіп алғандар қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Сендер де қызыға бастадыңдар ма? Ендеше, ол суреттерді осы жерден көріп танысып, ұнағанын фотосалон арқылы киімдеріңе салдырып алуларыңа болады. Иә, тегін дизайн. Ол – суретші әпкелеріңнің сендерге жасаған шашуы!

Ұлан: Уәдеңіз бойынша 55 түрлі етіп салдыңыз. Десе де, салынбай қалған тағы да ойларыңыз бар шығар? Жыл аяғына дейін әлі де саласыз ба?

А.Мұстафа: Мысалы, балбал тасты салуды ұмытып кетіппін. Жақсы ойлар туындаса, әлі де аянбаймын ғой. Бірақ, алдындағыдай «бәленше саламын» деген уәде бермеймін. Орындау оңайға соқпайды, өйткені. Жарты жылда 55-ін саламын деп, шаршадым біраз (күліп). Қазір әлеуметтік желі арқылы суретшілерге үндеу салудамын. Еліміздегі ең мықты суретші мен емеспін. Менен асқан таланттылар көп. Сол азаматтар да атсалысса ғой. Әрбір қазақтың ұл-қызы қазақыланған киім киіп жүргенін қалаймын. Әдейі жастарға лайықтап, футболка түрінде жасағаным да сол. Картина түрінде көпшіліктің игілігіне аса жарай қоймас еді. Көшеге жейде ретінде киіп шықса, бір-бірінен көреді, қызығады, рухтандырады. Шетелдік тұлғалар бейнеленген футболкаларды да киініп жүр ғой жастар. Одан гөрі өз тұлғаларымызды ұлықтайық деген ой менікі.

Ұлан: Идеяңызды қолдайтын тігіншілер табылмады ма?

А.Мұстафа: Иә, екі кісі телефонымды жазып алып еді. Біреуі: «Қытайдың қазағымын. Осында сауда жасаймын. Қытайға апта сайын барып тұрамын. Осы футболкаларды мен шығарсам қайтеді?» − дейді. Келістім. «Егер бұдан саудагерлер пайда көремін десе, маған хабарлассын, еңбекақымды берсін» дегенмін. Бірақ, әлі хабарласпады. Негізі, мен оны жалпы халыққа арнап жасағанмын. Әркім өз бетінше жасатып алсын деген оймен. Ал менің еңбегім арқылы бизнес жасағасы келетіндер, алдымен өзіммен келіскені керек.

Көрменің ашылуына фотосалоннан бірнеше футболка шығарып, киіп бардық. Университеттің 55 студенті 55 түрлісін киіп шығып, флеш-моб биледі. Сендер де ұнағанын салдырып, киіп алыңдар. Көшеде киіп жүргендеріңді көрсем, қуанар едім. Ал егер ол футболкаларды өзім шығаруға жауапты болсам, матаның сапасы біреуге ұнап, біреуге ұнамауы мүмкін. Сондықтан, әркім өз киіміне, өзі келіскен бағаға шығарып алып, кие берсін.

Ұлан: Еңбегіңіз жансын!

Қарлығаш ДОСАНОВА

(«Ұлан», №20, 15 мамыр 2015 жыл)

4ФУТБОЛКА 488ФУТБОЛКА 60ФУТБОЛКА 58ФУТБОЛКА 53ФУТБОЛКА 54ФУТБОЛКА 57ФУТБОЛКА 55ФУТБОЛКА 52ФУТБОЛКА 51ФУТБОЛКА 50ФУТБОЛКА 49ФУТБОЛКА 47ФУТБОЛКА 46ФУТБОЛКА 45 мамыр 44ФУТБОЛКА 43ФУТБОЛКА 42ФУТБОЛКА 41ФУТБОЛКА 40ФУТБОЛКА 39ФУТБОЛКА 38ФУТБОЛКА 36ФУТБОЛКА 34ФУТБОЛКА 33ФУТБОЛКА 032ФУТБОЛКА 31ФУТБОЛКА 29ФУТБОЛКА 27ФУТБОЛКА 26ФУТБОЛКА 15ФУТБОЛКА 16ФУТБОЛКА 17ФУТБОЛКА 19 ФУТБОЛКА 20ФУТБОЛКА 21ФУТБОЛКА 22ФУТБОЛКА 23ФУТБОЛКА 24ФУТБОЛКА 25ФУТБОЛКА 14ФУТБОЛКА 9ФУТБОЛКА 7ФУТБОЛКА 6ФУТБОЛКА5ФУТБОЛКА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз