Газетім – ақылшым, сырласым!

«Ұлан» газетіне 114 отбасы жазылды


Біздің  Науалы  ауылында «Ұлан» оқырмандары көбейіп келеді. Екінші жартыжылдыққа жазылу науқаны аса нәтижелі өткенін қуана хабарлаймын.

Ауыл тұрғындары пошта бөлімшесіне ағылып барып, «Ұланға» жаппай жазылды. Қазір ауылдағы 114 отбасы «Ұлан» газетін алып тұрады.

Тағы бір қуанарлығы, газетке деген қызығушылық артпаса, кемімейтін секілді. Тіпті, түрлі себеппен «Ұланға» жазыла алмаған ұл-қыздардың өзі төл газеттерін көршілерінен, туыстарынан алып оқып жүр.

Біздің «Ұланға» айтар алғы-сымыз шексіз. Төл газетіміздің ұлағаты жайлы әңгіме бөлек, әрине. Бұдан бөлек, «Ұланымыз» журналист болам деген жастардың жолын ашты. «Ұланның» арқасында Науалы орта мектебінің түлектері – Айғаным Әліпова мен Ләйлә Орақбаева ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне жеңілдікпен оқуға түсті.

Өз сыныбым жайлы айтар болсам, «Ұланмен» достығымыз 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Газетке жазылуымызға қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Нұрсұлу Әбдірова себепші болды. Ал бүгінде өзге балаларды «Ұланға» өзіміз үндеп жүрміз.

Біз әрдайым өзіңмен біргеміз, сүйікті «Ұланым»!

Дана МАРАТОВА,

Науалы орта мектебінің

10 «А» сынып оқушысы.

Үржар ауданы,

Шығыс Қазақстан облысы

Суретті салған Елана Лысенко

(«Ұлан», №33.14.08.2012)

1 ПІКІР

  1. Шығыстың шынарлары жарайсыңдар! Бәрекелді! Ұлан әр апта сайын есіктеріңізді жағымды ақпараттары мен пайдалы кеңестерімен қағып тұрсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз