Бірінші байлық…

«ТІЛІМ» КАРТОПТЫҢ ЗИЯНЫ

Жазғы каникулдың қызығы көпақ. Бәрінен де түске дейін ұйықтайтыныңды айтсайшы! Ешкім бұрынғыдай «тұртұрламайды». Оянғаннан кейін де керіліпсозылып, тағы біраз жатасың. Үлкендер ертемен тұрып жұмысына кеткен. Үйдің іші тымтырыс. Рахат!.. Ендігі алданышың, әрине, компьютер, ғаламтор болмақ. Қала берді теледидарды айналдырсаң. Қасыңда міндетті түрде сытырлақ қағазды дорба толы чипсы тұрады. Шөлдесеңатаулары сан түрлі энергетикалық сусын, тіпті болмаса, не көп, қалташадағы шәй көпТаныс сурет пе? «Әрине!» – дерсің бәлкім. Ал осы аталған жасанды тағам түрлері адам ағзасына, әсіресе, енді өсіпжетіліп келе жатқан балалар ағзасына қаншалықты зиян екенін біреу білер, біреу білмес.

«Чипс» – ағылшын сөзі. Қазақ тіліндегі аудармасы – «тілім». Дөңгелектеп тілімделген картоптың майға қуырылған түрі. Балалардың ең сүйікті тағамына айналғалы қашаан! Ал диетолог дәрігерлер чипсыны жасөспірімдердің жеуіне үзілдікесілді тыйым салады. Неге?

Себебін тарата түсіндіріп көрелік:

1. Табиғи таза чипсыны ағылшындар жоғары дәрежелі мейрамханаларда сапалы картоптан жасайтын болған.

Бүгінде картоп тілімдерін жүгері немесе бидай ұнынан жасайды. Міндетті түрде крахмал қосылады. Крахмал да бұрынғыдай табиғи емес, жасанды. Мұндай крахмал түрі жаппай семіздікке душар етеді екен.

2. Ұн мен крахмалға тәбетті аша түсетін жасанды қоспа дәмдеуіштер қосады. Себебі, қамырдың басы бірігуі керек. Әрі дәмі артып, әрі сауда айналымынан үздіксіз өтуі тиіс.

3. Осылай әзірленген қоспаны сапасыз майда өте жоғары температурада қуырады. Сапалы, табиғи таза майда қуырса, чипсының өзіндік құны артып, сатылу бағасы қымбаттайды. Бұл сауда орындарына тиімсіз. Тезірек саудаланғаны керек. Ең бастысыөздері жемейді ғой. Өйткені, жасалу сыры мәлім.

4. Өнімнің қуырылу мерзімі Тағамтану стандартына сай 30 секундтан аспауы тиіс. Көп жағдайда тілім түсі біркелкі болуы үшін ұзақ қуырылады. Құрамы өзгерген мұндай май ағзаға, әсіресе, балалардың ішкі құрылысына өтемөте зиянды. Мұндай майды медицинада – «гидрогенезирленген ауыр май» атайды. Бұл аздай өндірушілер оған тәбет ашар жасанды дәмдеуіштерді үстіүстіне қосып, баланы чипсыға «байлап» қойғандай дәрежеге жеткізді. Ең басты дәм күшейткіш – «натрий глутаматы». Олсуда оңай еритін ақ түсті кристалды ұнтақ. Әлем өндірушілері оны «тәтті ұнтақ» атайды. Ал қытайлықтар «дәмді дәмдеуіш» десе, жапондар «бесінші дәм» дейді. Атауы әртүрлі болса да, зияны біреуақ: асқазан, ішек ауруларын, аллергия, қыжыл тудырады. Уақтылы емделмесе, асқазанда жара пайда болады. Ағзадағы тұзды арттырып, жүрек, қан тамырлары науқасына, зат алмасу үдерісінің бұзылуына әкеледі.

Алма ҮМБЕТТЕГІ

(«Ұлан», №30, 30.07.2013)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз
Аты-жөніңіз